Жарияланған күні: 04.07.2019 14:47
Өзгертілген күні: 04.07.2019 14:48

Қазіргі қоғамдық өмірдің өзіндік қисыны өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы өзара бәсекелестікке алып келді. Сондықтан кез келген қауымдастық кешенді түрде үшін өзінің ұлттық болмысын барынша рухани жаңғыртып, ұлттық қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз етуге тырысуда. Әлемде кейбір қауымдастықтар осы бағытта өнімді белсенділік танытып, пәрменді өркендеп жатқанын да байқаймыз. Мәселен, Жапония және Қытай сияқты елдер әлемдік интеграциялану заманында өздерінің ұлттық келбетін жоғалтпай отыр, технологиялық жаңғыруда алдыңғы қатарға ұмтылуда. Технологиялық дамудың логикасы оны филосоиялық пайымдауға шақырады.

Қазіргі жаһандану дәуірінде көптеген өзекті мәселелер басқа мемлекеттердің мен халықтардың мүдделерімен түйісе, ықпалдаса отырып шешілетіні белгілі. Сондықтан әлемнің басқа аймақтарында көрініс беріп, халықаралық деңгейде байқалып отырған құбылыстар мен үдерістер біздің еліміз үшін де өзекті әлеуметтік және өркениеттік проблемалардың қатарына жатады. Енді халықтар үшін ешнәрсеге бей-жай қарауға болмайтын заман келді. Қазақстанның Сирия мемлекетінің күрделі ішкі саяси мәселесінің тиімді түрде шешілуіне үлес қосып жатқаны да бекер емес. Бұл біздің еліміздің барша халыққа бейбіт өмірді қадірлеуге шақыратын гуманизм, демократиялық және этикалық қалыптарды өзектендіріп, рухани құндылықтарды әлемге кеңінен таратуға талпынғанымыздың айғағы.  

Заманауи тіршілік етудің қисыны адамдарды, қоғамдарды топтаса отырып сын-қатерлерден, тәуекелдерден қорғанудың, сонымен қатар бірлесе отырып дамудың жолында болуға шақырады. Интеграцияланып, модернизацияланып жатқан дәуірде барлық мемлекеттерге тікелей қатысты  ұстанымдарды дәріптейтін тарихи кезең де келді. Солтүстік Корея басшылығы сияқты кикілжіңдерді ушықтыруға ұмтылудың болашағы жоқ. Сондықтан Еуразиялық Одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Ислам мен түркі халықтарының халықаралық ұйымдарына Қазақстанның белсенді мүше болуының өзінде халықаралық жағдайдың даму логикасымен санасу және заманауи кезеңнің қисынымен, талаптарымен барынша есептесу, халықаралық қатынастарды құрметтеу  мен өркениеттілікке ұмтылу жатыр.

Мәселелерді тиімді шешіп отыру үшін халықтар, мәдениеттер, мемлекеттер өзара мәмілеге келіп, үнемі ықпалдасу жолында болуға тиісті.  Ал енді біздің еліміздегі ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық, технологиялық және техникалық негіздерін қалыптастыру үшін өнеркәсіп саласында жаңғыру ауадай қажет екені соңғы уақытта Қазақстан Үкіметі тарапынан да, мамандар арасында да белсенді түрде айтылуда. Әрине, осы салалардағы инновациялық серпін, тиімді және батыл жобаларды жүзеге асыру - өмір қажеттілігі, әлеумет мұқтаждығы екені де белгілі. Біздің еліміз «30 дамыған елдің қатарына қосыламыз» деген идеяны жүзеге асыру үшін кешенді түрде өркениетті қимылдар жасауға мүдделі.

 

Қазыбек би атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы