Жарияланған күні: 20.04.2020 12:12
Өзгертілген күні: 20.04.2020 12:14

Сіздерге белгілі болғандай, Қарағанды ​​облысының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығымен Қарағанды, Абай, Теміртау, Саран және Шахтинск қалаларының аумағында 30 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

        «Электрондық үкімет» порталы, Салық төлеушілер кабинеті, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылған мемлекеттік қызметтер (84%) тек қана электронды түрде көрсетілетін болады.

         Электронды түрде жүзеге асырылмаған мемлекеттік қызметтер келесі тәсілдердін біреуімен көрсетіледі: қызмет алушыға бейне қоңырау шалу үшін өтініште байланыс мәліметтерін міндетті түрде көрсетілген электрондық пошта арқылы немесе бейне қоңырау шалу арқылы.                  Электрондық мекен-жайлар мен байланыс мәліметтер Департаменттің сайтында http://krg.kgd.gov.kz/ru және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

         Өтініштерді қабылдау  тек қана «электрондық үкімет» порталдағы өтініштерді беру сервис арқылы жүзеге асырылады.

        Департаменттің сайтында http://krg.kgd.gov.kz. көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарының дайындығы туралы күн сайын жаңартылған ақпарат орналастырылатын болады. 

         Шығыс құжаттары мен өтініштерге жауаптар электрондық мекенжайларға жіберілетін болады.

        Консультациялық қызметтер Департаменттің сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған телефон номерлері бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету тәртібі туралы ақпарат (стандарттар, регламенттер, жадынамалар) Мемлекеттік кірістер комитетінің: www.kgd.gov.kz., және Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің www.krg.kgd.gov.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.

       Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414, 88000807777 телефоны бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Осыған байланысты, сіздерден сабырлық сақтап, қабылданған шараларга түсіністік танытуларыңызды сұраймын.