Жарияланған күні: 28.03.2025 18:35
Өзгертілген күні: 28.03.2025 18:36

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылғы 19 наурызда кедендік және салықтық әкімшілендіру салаларындағы бөлімшелерінің жекелеген қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің нәтижелерін жария талқылады. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдар әзірленді.