Жарияланған күні: 17.06.2024 16:24
Өзгертілген күні: 17.06.2024 17:05

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 397-VI ҚРЗ Заңына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының 25-бабының 11-тармағына төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдыққа (құрылғыға) қатысты түзету қолданысқа енгізілетінін хабарлайды.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлердегі жеке кәсіпкерлерді және (немесе) заңды тұлғаларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе) жедел төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.

Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Көтерме және бөлшек сауда

Қонақүйлердің қызмет көрсетуі

Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру

Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату

Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, жүктерді тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен тасымалдау жөніндегі қызметтер

Туроператорлардың және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі (турагенттерден басқа)

Сақтандыру саласындағы қызмет

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

Білім беру саласындағы қызмет

Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету

Фитнес-клубтар, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі

Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету

 

Ескертпе: көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді

қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнату мен қолдануды қамтамасыз ету өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген акваөсіру (балық аулау) өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға; ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде стационарлық емес сауда 

объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды

Жекелеген қызмет түрлерін  және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда және тәртіппен төлем ұйымдарының жедел  төлемдер жүйесіне қатысуына жол беріледі.

     Жедел төлемдер жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде бенефициардың пайдасына ақша есептеу 

бенефициарға қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші – жедел режимде жедел төлемдер жүйесіне қатысушымен  қамтамасыз етіледі.

Төлем қызметтерін берушілер арасында ақша аудару (түпкілікті есеп айырысу) жедел төлемдер жүйесі арқылы клиринг нәтижелері бойынша жасалады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшамен қамтамасыз етіледі.

          Өз  қызметін  жүзеге  асыру  орындарында  төлем  карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнату және қолдану  және (немесе) жедел төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдерді қабылдау жөніндегі талаптар

сауда операцияларын жүргізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбай ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы (ҚР ӘҚБтК-нің 195-бабы) ескерту жасауға әкеп соғады.                                                                                                      

 Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет,  шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.                                                                      

 Осылайша, қызметі «төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының қолданылу аясына жататын салық төлеушілер, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға және (немесе) жылдам төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) міндетті түрде орнату қажет.