Жарияланған күні: 30.12.2020 12:31
Өзгертілген күні: 30.12.2020 12:31

Өтініштерді, хаттар мен сұрау салуларды электрондық түрдегі

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өтініштерді, хаттар мен сұрау салуларды Электрондық үкімет порталы (Egov.kz) арқылы жолдауды сұрайды.

Ол үшін сіздерге порталда электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелу қажет, содан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, берілген нысанды толтыру қажет.

Осы сервистің көмегі бойынша тізімнен қажетті мемлекеттік органға өз өтінішіңізді жазып, жібере аласыз, бұл ретте түсінбеушілікті тудырмау үшін өтінішті қоса тіркеуді ұмытпаңыздар. Өтінішті қағаз жүзінде әкелетін азаматтар өз өтінішінде міндетті түрде байланыс телефондарын ЖСН (жеке тұлғалар), БСН (заңды тұлғалар) көрсету қажет, мүмкіндігінше жеке басын куәландыратын куәліктердің көшірмелерін, егер де сенімхат арқылы жүгінсе, сенімхат көшірмесін қоса беру қажет, өтініште жеке басын куәландыратын қолды міндетті түрде қою қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7212) 41-09-49 телефоны арқылы хабарласыңыздар

(кеңсе қызметкерлерінің ішкі нөмірлері: 61-67, 61-99, 61-70)