Жарияланған күні: 16.03.2020 09:24
Өзгертілген күні: 16.03.2020 09:25

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйледі. 

Жолдаудың экономикалық блогында екі мәселе кеңінен ашылған: мемлекеттік секторды реттеу, орта және шағын бизнесті қолдау шаралары. Президент, біріншінің қызметінің тәртіпке келетініне, екіншісінде – жағдайының жеңілденетіне сенімді.

Дәстүр бойынша, Елбасы қалаған, шағын және орта бизнес жолдауда экономика сегменті деп айтылған, оған барынша көмек көрсету қажет, сонда ол орташа топ болады деп сенеміз.   «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді» деген Президент : - сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді».

Микро (15 қызметкерге дейінгі компаниялар), сондай-ақ шағын бизнес (15-100 қызметкерлер) өздері қолайлы жағдайда болулары үшін, Президент осы кәсіпкерлік субъектілерін тексерістен және табысқа салынатын салықтан ағымдағы жылдан бастап үш жылға босатуды тапсырды.   

                 Ахметбеков К.М.

Қарағанды облысы бойынша

МКД басшысының орынбасары