Жарияланған күні: 11.01.2022 12:34
Өзгертілген күні: 11.01.2022 12:35

Онлайн бақылау-касса машиналарының (БКМ) жұмысы туралы

Онлайн бақылау-касса машиналары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз хабарламасында хабарлады.

Интернет болмаған жағдайда, кәсіпкерлер онлайн бақылау-касса машиналардын фискалдық чектерінің  орнына тауар чектерін бере алады.

Сондай-ақ ,  онлайн-БКМ бойынша «Тауар чектерінің» кітабын мемлекеттік кірстер органдарында  тіркеу және желі пайда болғанда берілген тауар чектерін онлайн бақылау-касса машиналарына енгізу қажеттілігі жоқ.  Тек салық есептерін тапсыру кезінде ақшалай есеп-айырысуды есептілікте көрсетсе жеткілікті.

Тауар чегі – ақшалай есеп айырысу негіздеуі фактісін растайтын бастапқы есептілік құжаты, бақылау-касса машиналардың техникалық ақауы  жағдайларда немесе электр қуаты болмағанда қолданады.

Бұл ретте, кәсіпкер тауар чегінде өткізілген тауарларлардың, көрсетілген қызметтердің атауы мен санын көрсетпестен, сомасын ғана көрсетуіне болады.

Айыппұл санкциялары  қолданылмайды.