Жарияланған күні: 11.09.2019 09:06
Өзгертілген күні: 11.09.2019 09:07

Октябрь ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 42 қадамы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы тұрғылықты азаматтарының мүлкі мен табысын декларациялауды қарастырылғанын хабарлайды.

Осыған орай, заңнамаға декларанттардың жағдайын жақсартатын түзетулер енгізілді, активтер мен жеке тұлғаның міндеттемелері туралы декларацияның нысаны оңтайлатылдырылды, халықтың оқуға, медициналық қызметке, балаларды қоса алғанда,  шегерімге жатқызылатын шығыстарын төлеуге мүмкіндік берілді,  банк заемдары бойынша сыйақы төлемі,  қолма-қол ақшаның шегі, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектерді және басқа да активтердің құны ұлғайтылды.

«Электрондық Үкімет» egov.kz Порталында салық декларациясында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді автоматты түрде толтыру функционалы әзірленді.

Азаматтардың декларацияны тапсыруы үшін «Жалпыға бірдей декларациялау» клиенттің мобильді қосымшасын іске асыру, сонымен қатар электронды түрде декларацияны тапсыру кезінде  пайдаланушының авторизациясы СМС хабарлама арқылы жүзеге асыру бойынша  шаралар жүргізілуде.

03.09.2019 ж. жалпыға бірдей декларацияны 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 01 қаңтарына дейін сатылай енгізуді қарастырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (№262-VI ЗРК) қабылданды.

Бірінші сатыда – 2021 жылдың 01 қаңтарынан  жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны ұсынады:

Жауапты мемлекеттік лауазым тұғалар, және олардың жұбайлары;

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;

Екінші сатыда – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін және олардың жұбайлары, сонымен қатар квазимемлекеттік секторының және олардың жұбайлары үшін декларациялау;

Үшінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылар және заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен олардың жұбайлары үшін декларациялау;

Төртінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған категорияларын декларациялау.