Жарияланған күні: 04.08.2015 16:21
Өзгертілген күні: 11.08.2015 15:06

Қосымша құн салығы бойынша салық төлейтіндері тіркеуге алу

 

Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаментінде кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Тақырып - қосымша құн салығы бойынша салық төлейтіндерді тіркеуге алу. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қарағанды облысында ҚҚС төлеушілер  ретінде 7682 салық төлеуші тіркелген. Оның 6556-сы заңды тұлға, 1126 - жеке кәсіпкер.

2015 жылдың 6 айында 499 салық төлеуші ҚҚС төлеуші болып тіркелген.  ҚҚС төлеушілермен әкімшілік, ҚҚС төлеушілерді тіркеуге алуда қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаментінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №302 бұйрығымен ҚҚС тіркеуге алуда жалған кәсіпкерлікке қарсы әркет туралы заңнаманы түсіндіру комиссиясы құрылған.

Қайта тіркелген ҚҚС төлеушілер комиссияның апта сайын өтетін отырысына шақырылады. Әрбір басшымен, жеке кәсіпкермен ҚР Қылмыстық кодексінің 215,216,245 баптарында қарастырылған  жағдай мен жауаптылық туралы  түсіндіру жұмыстары жеке дара жүргізіледі.

Комиссияның мақсаты - басшылар мен жеке кәсіпкерлерге заңға қайшы әрекеттер туралы түсіндіріп қана қоймай, оларды сақтандыру, алдын алу.

 

Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінде