
Қосымша сіздің кірістеріңізді бақылайды және рұқсат етілген шектерден асып кету қаупінің алдын алу мақсатында, алдын-ала ескертеді.
Мысалы, егер оңайлатылған декларация бойынша Сіздің шегіңіз 82 931 100 теңге болса, яғни 2023 жылы 24 038 АЕК болса, онда осы соманың 80% жеткенде индикатор түсін сарыға, 100%-да қызыл түске ауыстырады.
Сол сияқты ҚҚС бойынша шекке жету бойынша индикатор жұмыс істейді, одан асып кеткен кезде кәсіпкер ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті.