Жарияланған күні: 03.11.2016 09:34
Өзгертілген күні: 03.11.2016 09:38

Мүлікті жария ету рәсімінің жаңа әдісі

 

 2015 жылы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына мемлекет Басшысымен қол қойылды. Заң 18 қарашада жарияланды, сәйкесінше жаңа өзгерістер 2015 жылдың 29 қарашасында  күшіне енді.

Мүлікті жария ету мәселелері туралы Заң мүлікті жария етуді жүзеге асыру рәсімдерінің жаңа тәсілдерін айқындады.

Ақшаны жария ету рәсімі түбегейлі оңайландырылды. Енді қаржыны заңдастыруды екі тәсілмен жүзеге асыруға болады (8-бап):

1. Оларды банктік шоттары арқылы көрсету және кез келген қажеттіліктерде пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлік сатып алу және т. б., немесе жай ғана шешіп алу. Осылардың барлығы 10%-дық ақысыз жүргізіледі.

2.  Банктік шоттарда көрсетпей шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны заңдастыру. Бұл кезде бюджетке 10%-дық жинау төлейсіз. Аталған жағдайларда жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органдарына декларация тапсыруға тиісті.

Мемлекет Басшысы айтқандай: «Жария ету – соңғы мүмкіндік, одан кейін ешқандай жеңілдік жоқ. Заңдастыру – бұл жалпыға бірдей декларация алдындағы соңғы акт». Аталған акция аяқталғаннан кейін шетелдік шоттар бойынша барлық ақпарат бүкіл әлем бойынша тексерілетін болады.

Шетелдегі шоттары бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаның қатаңдауы, шетелдегі мүлікті міндетті декларациялау Заңда көзделеді.

Осыған байланысты, жария ету бойынша акцияны аяқтауды синхрондау үшін және жалпыға бірдей декларациялау үрдісі үшін рақымшылық жасау мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды (4-бап).

Жаңаарқа ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы