
2019 жылы онлайн БКM қолдануға көшу кезең-кезеңмен (тоқсан сайын) жүзеге асырылады және 2020 жылға қарай барлық салық төлеушілерді, соның ішінде патентпен жұмыс істейтін салық төлеушілерді және бірыңғай жер салығын төлеушілерді (1.01.2020 бастап) онлайн-БКM-сын қодануға түгелдей көшіру жоспарлануда.
Интернет-кассалық машиналардың қолданыстағы үлгілеріне қосымша, балама ретінде салық төлеушілер бақылау-кассалық машиналардың веб-нұсқаларының қызметіне негізделген онлайн-кассалық машиналарды қолдана алатындығын атап өткен жөн
Мысалы, Интернет желісіндегі кассалардың веб-нұсқасына арналған мобильді қосымшалар бар: NURKASSA.KZ, LIGHTKASSA. ВЕБКАСА. reKASSA.
Оларды орнату және пайдалану туралы толық ақпаратты Интернет желісінен табуға болады. Түбіртекті қағазға басып шығару үшін жеке принтерді сатып алу қажет
Сондай-ақ, тексеру функциясы клиенттерге жедел хабар алмасу немесе электронды пошта арқылы хабарламалар жіберу кезінде де қамтамасыз етіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен төлемдер салық төлеушілердің белгілі бір санатын қоспағанда, бақылау-касса машиналарын (БКМ) міндетті түрде қолданумен жүзеге асырылады.
БКM чегін бермеу кірісті жасыруға, тиісті салықты төлемеуге және әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады
Қарқаралы ауданы бойынша МКБ