Жарияланған күні: 11.09.2020 10:01
Өзгертілген күні: 11.09.2020 10:01

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері (ШОК) МӘМС пакетінен медициналық көмек ала алу үшін, жұмыс берушілер ай сайын 2020 жылдың 1-ші қазанына дейін МӘМС қорына қызметкерлер туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры пакетінен (МӘМС) медициналық көмек алу үшін, жұмыс берушілер әр ай сайын  25-нен кешіктірмей өз қызметкерлерінің тізімдерін электронды форматта ұсынуы керек.

Ол үшін олар Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-сайтындағы https://msb.fms.kz/login  сілтемеге өтіп, БСН арқылы өз ұйымын тізімнен табу керек.

Осыдан кейін заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен тіркеуден өтіп, қордың ақпараттық жүйесіне өтіп, пайдаланушының келісіміне қол қою қажет.

Бұдан әрі МӘМС босатылған қызметкерлердің ЖСН қосылады - мұны жеке Excel файлда болады, әрбір жеке қызметкер үшін  әр жолда да болады.

Келесіде деректерді қайта енгізу қажет емес, осы деректерді жаңартуға болады. Өз кезегінде, бұл ақпарат ай сайын Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілетін болады. 

Алғашқы жаңартуға дейін тарихи төлемдер негізінде шағын орта бизнес қызметкерлерінің мәртебесінің тізімі жасалады, яғни салық агенттігімен төлеген алымдар барлардың барлығы сақтандырылған болып саналады.

Сонымен қатар, медициналық сақтандыру қорының мәліметі бойынша кепілік берілген тегін медициналық көмек көлеміне, оның ішінде жедел жәрдем, жедел стационарлық көмек және әлеуметтік маңызды кезінде көмек және созылмалы ауруларға көмек көрсету дәрі- дәрмекпен қамтамсыз етуге кез-келген адам жүгіне алады.

Шағын орта бизнес санатындағы толық тізіммен "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысында танысуға болады.

Бұл кәсіпорындардың қызметкерлерінің жалақысынан салықтар мен аударымдар ұсталмайды, сондай-ақ оларға медициналық сақтандыру пакеті толықтай қол жетімді болады, қатар ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істейтін дәрігер қызметкерлерге төленген төлемдерден МӘМС салымдары ұсталмайды.

Егер шағын орта бизнес кәсіпорындарының бір қызметкері еханаға келіп, қандай да бір себептермен сақтандыру бойынша медициналық көмекке жүгіне алмайтындығын анықтаса, мобильді қосымша Qoldau 24/7 арқылы ол өзі туралы ақпаратты жібере алады.

Ол үшін қосымшаны жүктеп, электрондық мекенжайды көрсетіп, аты-жөнін, ЖСН, байланыс телефон нөмірін және мынандай форматта өтініш жазып: «Мені, шағын орта бизнес қызметкері, кәсіпорынның иесі салықтар мен аударымнан босатылған, бірақ мен туралы мәліметті медициналық сақтандыру қорына жібермеді». Әрі қарай ұйымның БСН, жұмыс берушінің ЖСН мен өзіңнің ЖСН, жұмыс берушімен еңбек қатынасын растайтын құжатты (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек келісім шарты) тіркеу қажет.

Операторлар жарты сағат ішінде жағдайды анықтап, осы ұйымды босатылған шағын орта субъектілерінің тізімінде көрсетілген тізім бойынша сәйкестігін тексеріп, бұндай қызметкерге бір ай қолдану мәртебесі беріледі, ол міндетті түрде жұмыс берушіге хабарласып ол туралы мәліметтерді Қордың ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтінішпен жүгіну керек, өйткені қызметкер осы ақпаратты алғаннан кейін сақтандырылған болып саналады.