
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтан босату үшін сыртқы экономикалық қызметті шектеуге байланысты мәселелер туралы хабарлайды, мыналар туралы хабарлайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында анықталғандай, микро және шағын бизнес субъектілерін 3 жылға босату сыртқы экономикалық қызметті (бұдан әрі - СЭҚ) жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Жалпы қабылданған түсінікке сүйене отырып, СЭҚ – өндірістік, ғылыми - техникалық салада, тауардың экспорты, импорты және кәсіпорындардың халықаралық өткізу нарығына шығуында жүзеге асырылатын шаруашылық қызмет саласы ретінде түсініледі.
Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі-ЕАЭО) тауарлардың, сондай-ақ, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы және экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда аталған шектеу ЕАЭО шеңберіндегі сыртқы экономикалық қызметке қолданылмауы керек.
Салық салу мақсатында сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын адамдар деп үшінші елдерге қатысты тауарларды әкелетін және әкететін, жұмыс және қызмет көрсететін тұлғалар түсініледі.
Егер кәсіпкер есепті кезеңде сыртқы экономикалық қызмет аясында кем дегенде бір транзакция жасаған болса, онда ол осындай есепті салық кезеңі үшін салық жеңілдіктерін қолдану құқығынан айрылады.