
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №863 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2021 жылғы 26 тамызда №24120 болып тіркелді) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережелеріне өзгерістер енгізілді. (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген).
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережелерінде (бұдан әрі – қағидалар) 447-3, 447-4-тармақтар алып тасталды;
Ескі редакция:
447-3. Әлеуетті өнім берушілер қосымша салық есептілігін ұсынған және (немесе) олардың қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда, Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту Мемлекеттік кірістер органдары енгізілген өзгерістердің дұрыстығын растағаннан кейін жүзеге асырылады.
447-4. Мемлекеттік кіріс органдары әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін және (немесе) төленген салықтарды негізсіз арттыруға әкеп соққан салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, уәкілетті орган:
1) веб-порталдан осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін алып тастайды;
2) Заңның 11-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.