
Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік органына өзі келу тәртібімен құжаттарын қағаз жеткізгіште алып келіп, кезекте тұрып, және кезек бойынша салық қызметкеріне жетіп, құжаттарды толтыруға арнайы уақыт бөлу керек болады. Бірақ, мемлекеттік қызметті электронды түрде түрде алу бұл қиындықтарды туындатпайды. Соңғы жылдары көптеген қызмет түрлері тез әрі жылдам болуы үшін электронды түрге алмастырылды.
Бүгінде ғаламтор-өнеркәсібі қарқынды дамуда, бұл ғаламтор қолданушылардың санын көбейтуге алып келуде, яғни онлайн-қызметті пайдаланушылар саны көбеюде.
Мемлеккеттік қызметті электронды түрде алу сыбайлас жемқорлықты жоюға сонымен қатар халықпен мемлекеттің қаржылық және уақыт тапшылығын үнемдеуге көмек береді.
Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу рәсімдердің мерзімін қысқартумен қатар оның орындалуының нәтижелілігін арттыруға және барлығына бірдей қол жетімді болуына жағдай жасайды.
Электронды түрде мемлекеттік қызмет алу өз үйіңізден шықпай және жұмыстан сұранбай сұрау жасауды іске асырады.
Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін салық төлеушіде электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет. Электронды цифрлық қолтаңбаны алу үшін салық төлеушінің тұрғылықты орналасқан жері бойынша салық мекемесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өзі келу тәртібімен электронды цифрлық қолтаңбаны алуға өтінішті қағаз жеткізгіште өткізу қажет, немесе
Мемлекеттік қызмет порталының басты артықшылықтары:
-тәулік бойы қол жетімді (мерекелік және демалыс күндеріне қарамастан кез-келген уақытта мемлекеттік қызметті алуға өтініш беру)
-кез-келген электронды құрылғы (компьютер, планшет, ұйялы телефон) арқылы ғаламтордың көмегімен өзіңізге ыңғайлы жерде мемлекеттік қызмет алу қол жетімді;
-жазбаша растауды күтудің қажеті жоқ;
-жұмыс уақытын сонымен қатар салық есептілігін тапсыруға арналған формаларды алуға ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді;
-кезекте тұрудың қажеті жоқ;
-жедел ақпарат;
-қолдау қызметінің болуы;
-салық есептілігінің жеткізілгенін растау;
-өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін тікелей салық органына бармау, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға ықпалын тигізеді;
-өтініштің өңделуінің әрбір кезеңінде ақпарат алу;
-нысанды толтыру кезінде қателіктердіңмболмауына ықпал ететін жүйелі мүмкімдіктер;
-қызметтерді белгіленген мерзімде алу;
Салық төлеушінің жеке кабинетіндегі бүкіл ақпарат сенімді қорғалған және мемлекеттік қызметті алуға ғана қолданылады.
Мемлекеттік қызметті алу және мемлекеттік қызметтің көрсетілуі туралы ақпарат Мемлекеттік Кірістер Комитетінің интернет порталында www.kgd.gov.kz. орналасқан.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің көрсетілуі туралы сұрақтарына бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ақпарат алуға болады : 1414, 88000807777.
Шет ауданы бойынша МКБ