Жарияланған күні: 04.09.2024 11:35
Өзгертілген күні: 04.09.2024 11:35

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен 2024 жылдың тамыз айында Қарағанды облысының аумағында алкоголь өнімінің контрафактілік айналымы фактілерінің жолы кесіліп, айналымнан 1215 бөтелкеден астам түрлі түрдегі алкоголь өнімі мен пластикалық ыдыстардағы 285 литр спирті бар сұйықтықты тәркіледі. Осы фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа қаралу үшін жолданылды. Ұсталынған алкоголь өнімдері тәркіленіп, жойылады. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы саласындағы заң бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады.