Жарияланған күні: 01.11.2018 10:14
Өзгертілген күні: 01.11.2018 10:15

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы
№№ 241, 242 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша:

-  мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе;

- ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

- ақша және (немесе) өзге де мүлікті берген субъектінің атауы көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

- қағаз жеткізгіште жасалған мәліметтерге жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі басшысының қолы қойылмаса, сондай-ақ мөрімен куәландырылмаса (бар болған жағдайда) мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілмеген болып саналады.

  Көрсетілген жағдайда мемлекеттік кірістер органының қызметкері 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті қабылдаудан бас тартуы мүмкін.

Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.