Жарияланған күні: 17.02.2021 17:55
Өзгертілген күні: 17.02.2021 17:56

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің мерзімі оңтайландырылды

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында салық және кеден заңнамасына өзгерістер енгізілді. 

Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсету мерзімдері қысқарды: 

- салықтық өтініш бойынша салық декларациясын кері қайтару - салықтық өтініш берілген күннен бастап 1 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні); 

˗ салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру - бір жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 3 жұмыс күні); 

- әділет органдарының талабы бойынша қарыздың болмауы (болуы) туралы ақпарат - үш жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні); 

- салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды, кедендік баждарды, кедендік алымдарды, пайыздарды есепке алу/қайтаруды жүзеге асыру - 5 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 10 жұмыс күні).