Жарияланған күні: 14.04.2021 11:28
Өзгертілген күні: 14.04.2021 11:29

Құжат айналымы бойынша виртуалды көмекші

 

Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған «KGD_kantselyariya» виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануға ұсынып отыр.

 

«KGD_ kantselyariya» виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтінініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады:

- өтініштің кіріс нөмірі мен күні;

- Комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні;

- салық төлеушінің жүгінуі бойынша Комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі).

 

Бұл ақпаратты алу үшін:

·         аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын;

·         өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет.

 

Аталған қызметті, жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болады