Жарияланған күні: 24.09.2025 17:34
Өзгертілген күні: 24.09.2025 17:37

Құрметті салық төлеушілер және СЭҚ қатысушылары!

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Қодексінің 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлкеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесінде есепке алынбайтынына назар аударамыз.

Осыған байланысты, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 4-бабы 1 тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, «Е-Өтініш» платформасы арқылы берілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштер есепке алынбайды және қаралмайды.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу тек қана egov.kz «Электрондық үкімет» порталының «Мемлекеттік қызметтер сервисі» және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері (Салық төлеуші Кабинеті, Кеден, Астана-1 және басқа да сервистер) арқылы жүзеге асырылады.