Жарияланған күні: 24.02.2020 10:58
Өзгертілген күні: 24.02.2020 10:59

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 136-бабына сәйкес қызметін тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу арқылы салық төлеушілерді санаттарға бөлу енгізілді.

Осылайша, тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілер үшін есептілік мерзімін ұзарту мен мәжбүрлеп өндіріп алудың шараларынан босату мүмкіндігі ұсынылады.

Тәуекел дәрежесі орташа салық төлеушілерге әкімшілендірудің стандартты шаралары қолданылады.

Тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерінің есептілік мерзімін ұзарту, ҚҚС бойынша есепке электрондық тұру бойынша мүмкіндіктерді қолдануға құқығы жоқ, оңайлатылған тәртіпте қызметін тоқтату немесе есептілікті ұсынуды тоқтата тұра алмайды.   

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап санаттарға бөлудің нәтижесі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (Электрондық қызметтер/ Бизнеске көмек / Санаттарға бөлу бойынша салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі) (https://kgd.gov.kz/ru/services/degree_of_risk) қоғамға ашық.

Тәуекел дәрежесін өзінің қызметі және өзінің контрагенттерінің қызметі бойынша БСН/ЖСН бойынша сұрау салу арқылы білуге болады.

Осы қызмет көрсету салықты төлеу бойынша (Электрондық қызметтер/ Салық төлеушілерді іздеу/ Заңды тұлғалар https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/legal_entity), сенімсіз салық төлеушілердің тізілімі (Электрондық қызметтер / Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable) мәліметтерімен қатар бизнестің субъектісіне теріс пиғылды контрагенттермен келісім шарттардың тәуекелін азайту үшін қажетті сақтықты білдіруге мүмкіндік береді.