Жарияланған күні: 27.11.2018 09:18
Өзгертілген күні: 27.11.2018 09:19

ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VI Заңына сәйкес ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына (әрі қарай – Заң) азаматтық-құқықтық келісім бойынша жұмыс атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бөліміне өзгеріс енгізілді. Бұрын Заң азаматтық-құқықтық келісім бойынша жұмыс атқаратын азаматтарға қызметі жұмыс атқару (қызмет көрсету) болып табылатын міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қарым-қатынасқа қатысуға құқық берген (бірақ міндеттемеген). 2018 жылғы 14 шілдедегі күшіне енген өзгеріске байланысты кірісін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша алатын жеке тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңның қаржы жылына сәйкес бекітілген алайда 75 төменгі еңбекақы көлемінің 10 пайызынан жоғары емес және еңбекақының төмен мөлшерінен (әрі қарай – ЕТМ) 10 пайыздан аз емес, әр айға есептелетін кіретін кірістің 10 пайызы көлемінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бекітіледі.

            Егер АҚС келісімі бойынша кіріс 1 ЕТМ аз болса, онда МЗЖ жеке тұлға 1 ЕТМ 10%ы көлемінде төлеуі керек. Егер АҚС келісімі бойынша 75 ЕТМ жоғары болса, онда жеке тұлға 75 ЕТМ 10%ы көлемінде төлеуі керек. Егер кіріс болмаса, жеке тұлғада АҚС келісім бойынша өз пайдасына МЗЖ төлеу құқығы қажет емес. Сонымен қатар азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларда өз бетінше 200.00 нысан бойынша әлеуметтік салық және жеке табыс салығы бойынша Қазақстан Республикасының қаржы Министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №166 «Салық есебінің нысанын бекіту туралы» бұйрығымен (әрі қарай – Бұйрық) бекітілген, келесі есеп тоқсанының, екінші айының 15інен кешіктірмей  тоқсан сайын міндетті зейнетақы жарналарының есептелген сомасы бойынша ақпарат көрсетілген декларация ұсыну міндеті туындайды.

         Сонымен қатар, «Бюджеттің төртінші деңгейінің – жергілікті өзі-өзі басқаруы» (ЖӨБ) пилоттық жобасын өткізуге байланысты Осакаров ауданының Есіл, Пионерский ауылдық округтерінің, Молодежный, Осакаровка кентінің аумағындағы барлық салық төлеушілерге салық төлеу кезінде және салық есебінің негіздемесін тапсыру кезінде ЖӨБ (жоғарыда көрсетілген әкімшіліктердің) БСН дұрыс көрсету қажеттілігін еске салу қажет екендігін ескертеміз.