Жарияланған күні: 17.03.2025 11:35
Өзгертілген күні: 17.03.2025 11:36

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны толтыру кезінде жиі кездесетін бұзушылықтар.

Мемлекеттік кірістер органдарымен салық төлеушінің табыс еткен есептері тұрақты негізде зерделеніп және талданып отырады, ал ауытқулар анықталған жағдайда хабархат/хабарлама жіберу арқылы бұзушылықтарды өз бетінше жою мүмкіндігі беріледі.

Төмендегі сипаттағы бұзушылықтар жиі кездесіп отырады:

·        Электрондық шот-фактуралардың (бұдан әрі - ЭШФ) (өткізу бойынша айналымдар бойынша) және бақылау-кассалық машиналардың (бұдан әрі - БКМ)деректерімен салыстырғанда кірісті төмендету;

·        Сатып алу бойынша ЭШФ-мен салыстырғанда шегерімдерді асыра жоғарылату.

Кірісті төмендетудің негізгі себебі-чектерді шығармау. Мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін фискалдық тәртіпті сақтау, есепке алуды автоматтандыру, ЭШФ және БКМ деректерінің сәйкестігіне тұрақты талдау жүргізу қажет.

Салық төлеушілер үшін бизнесті жүргізудің ашықтығын сақтау, кірісті дұрыс белгілеу және проблемаларды болдырмау және өз компаниясының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін салықтық бақылаудың заманауи әдістерін қолдану маңызды.

Сатып алу бойынша ЭШФ-мен салыстырғанда шегерімдерді асыра жоғарылату - салық тәуекелдеріне әкеп соқтыруы мүмкін жиі кездесетін қателік болып табылады. Мұндай жағдай салық төлеуші сомасы ЭШФ-да расталған, сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің нақты құнынан асатын шығыстарды шегеруге мәлімдеген кезде туындайды.

Салық кодексінде корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) бойынша шегеруге жататын шығыстардың тізбесі белгіленген. Алайда, белгіленген нормаларға қарамастан, кейбір салық төлеушілер салықтан жалтарудың әртүрлі әдістеріне жүгінеді, соның ішінде шығындарды бір санаттан екінші санатқа ауыстыру немесе дұрыс емес шегерімдерді көрсету болып табылады.

Тағы бір себеп-деректерді уақытылы түзетпеу. Мысалы, ЭШФ түзетулері немесе тауарлардың бір бөлігі қайтарылған жағдайда, шегерім сомасы да қайта қаралуы керек, бірақ егер бұл өзгерістер бухгалтерлік есепте ескерілмесе, декларациямен сәйкессіздіктер туындауы мүмкін.

Мұндай сәйкессіздіктерді болдырмау үшін бухгалтерлік есеп деректері мен ЭШФ мәліметтерінің сәйкестігін қатаң бақылауды енгізу қажет. Тұрақты салыстырулар есеп беруден бұрын да сәйкессіздіктерді анықтауға септігін тигізеді.

Осылайша, салық есебін жүргізуге бақылау, автоматтандыру және сауатты көзқарас КТС бойынша шегерімдерді асыра жоғарылатуға байланысты қателіктерді болдырмауға және салықты қосымша есептеу тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.