
Көлік салығы
Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Жеке тұлғаларға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 31 наурызында аяқталады.
«Қазпочта» АҚ, екінші деңгейлі банктер және банкоматтар арқылы төлеуге болады.
2018 жылдың 1 тамызынан бастап eGov.kz порталында барлық салықтар мен міндетті төлемдерді ЭСҚ қол қою және авторизациялау қажеттілігінсіз бюджетке төлеуге арналған жаңа қызмет пайда болды. еGov.kz порталында төлеу үшін «Салықтар және қаржылар» - «Төлемдер» - «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөлігіне өту және «Онлайн төлеу» тетікшесін басып, қызметке тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органдарының атауы, төлем сомалары, бюджеттік сыныптама коды енгізілгеннен кейін, жүйе автоматты түрде салықтарды төлеу бөліміне өтуді ұсынады. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, төлем дерегін растайтын электрондық түбіртек ұсынылады.