Жарияланған күні: 17.09.2021 12:20
Өзгертілген күні: 17.09.2021 12:22

Қазыбек би атындағы аудан және Октябрь ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері Қарағанды облысы бойынша полиция департаментімен, Жеке сот орындаушыларымен бірлесіп көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Қазіргі уақытта көлік салығы бойынша 1,1 млрд.теңге сомасына 30 726 борышкер бар.

Шектеу шараларын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды, шоттарды бұғаттауды, өсімақылар мен сот шығыстарына шығыстарды төлеуді болдырмау үшін - салықтарды уақытында төлеңіз.

 Қарыздың бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан (kgd.gov.kz) немесе "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз (қосымшаны App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады).