Жарияланған күні: 04.08.2020 12:13
Өзгертілген күні: 04.08.2020 12:15

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының (Салық кодексі) 492-бабының 3-тармағына сәйкес салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш                       (әрі қарай – АЕК) қолданылады.

          

 

           Осылайша, 2020 жылға көлік құралдары салығын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады.