Жарияланған күні: 29.09.2021 10:20
Өзгертілген күні: 29.09.2021 10:23

Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану

 

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке катысушылар! Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрығы «Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» (әрі қарай - Ереже), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жыл 28 сәуірде № 22649 болып тіркелгендігін хабарлаймыз.

Кедендік қамтамасыз ету ретінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған кезде сіз осы Ережеге сәйкес көлік құралдарының электронды кедендік ілесуін қолдана аласыз.

Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін және навигациялық пломбаның тұтастығын анықтауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы орнатылған көлік құралының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізілуін қадағалау арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы жүзеге асырады.

Мемлекеттік кірістер органы көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы декларантқа, тасымалдаушыға және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына осындай шешім қабылданғаны туралы хабарлайды және осындай шешім қабылданған кезден бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді ұйымдастырады.

Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы ақпарат жедел байланыс арналары арқылы межелі кеден органына жіберіледі.
Кедендік транзит кедендік рәсімінің әрекетінің аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау кезеңінде көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру аяқталады.