
Жобасы қатар өтізіледі, яғни бақылау-касса машинасының фискалдық чегін бермеу фактілерін, салықтық тексеру жүргізбей азаматтардың қатысуымен айқындауға болады.
Аталған жобаның мақсаты, яғни әр тұтынушы түбіртекті бермеу фактісімен кездескен жағдайда, «Wipon» қосымшасы арқылы арыз шағымына бейне жазбасын қоса жолдауға болады, жолданған арыз шағым автоматты түрде мемлекеттік кірістер органдарына түседі. Барлық жолданған өтініштер сол мемлекеттік кірістер органдарында қаралады:
«Wipon» қосымшасын жүктеу;
Аты жөнінің, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып тіркелу;
«Өтінішті жолдау» пернесін басу;
«Камера» пернесін баса отырып түбіртекті бермеген фактісін бейне жазбаға түсіру;
Сауда орнының атауын, мекен-жайын көрсету;
«Жолдау» пернесін басу қажет.
Фискалды чектерін бермеу фактісі расталған жағдайда, заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бузушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қолданылады, ал өтінішті жолдаған тұтынушы телефонының теңгеріміне 1000 теңге сыйақы алады.