Жарияланған күні: 22.10.2019 18:10
Өзгертілген күні: 22.10.2019 18:11

Ұлытау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 03 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын хабарлайды.
Бұл ретте заңнамаға декларанттардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы оңтайландырылды, халықтың оқуға, оның ішінде балаларды қоса алғанда, медициналық қызметке ақы төлеуге, банктік несиелері бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстарын шегерімге жатқызуға мүмкіндіктер берілді, қолма-қол ақшаның, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектердің және декларациядағы басқа да активтердің құнын көрсету шегі ұлғайтылды.
Еgov.kz "Электрондық үкімет" порталында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді салық декларациясында автоматты түрде толтыру функционалы әзірленді.
Бұдан басқа, азаматтардың декларацияларды ұсынуы үшін «Жалпыға бірдей декларациялау» мобильді клиенттік қосымшасын іске асыру бойынша шаралар қабылдануда, және де, декларацияны электронды түрде ұсынған жағдайда, пайдаланушының авторизациясы СМС-хабарлама арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы