Жарияланған күні: 26.03.2021 11:42
Өзгертілген күні: 26.03.2021 11:43

Кедендік тексерулер тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде жүргізіледі

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 407-VI Заңымен кедендік тексерулерді тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл тексерулердің тиімділігін арттырады, деді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 

Камералдық кедендік тексерістер

Кеден кодексінің 417-бабының 3-тармағына камералдық кедендік тексеруді жүргізу үшін негіздердің бірі ретінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері (ТБЖ) енгізілген.

ТБЖ нәтижелері бойынша тексерілетін тұлғаға бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберіледі, оның орындалуы кезінде тексерілетін түлға жауапкершілікке тартылмайды және оған кедендік тексеру жүргізілмейді.

Мұндай хабарламалар орындалмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары хабарлама сомасына төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұйрық шығарады, сондай-ақ Кеден кодексінің 47-тарауында белгіленген тәртіппен кедендік тексеруді тағайындауға құқылы.

Қазіргі уақытта осы норманы іске асыру үшін құжаттардың нысандарын бекіту туралы ҚР Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы әзірленіп, келісілуде.

Норма 2021 жылы 1 наурызда күшіне енді.

 

Көшпелі кедендік тексерістер

Кодекстің 418-бабында кедендік тексерудің қосымша түрі енгізілді. Ол - тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізілетін кешенді көшпелі кедендік тексеріс.

Кешенді көшпелі кедендік тексерістердің жартыжылдық кестесі мына мерзімдерде уәкілетті органның сайтында орналастырылады:

бірінші жартыжылдыққа – тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін;

екінші жартыжылдыққа – ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін.

Сонымен қатар,  кешенді көшпелі кедендік тексерісі басталмай жатып, отыз күнтізбелік күн бұрын мемлекеттік кірістер органдары  кешенді көшпелі кедендік тексерісті жүргізу туралы хабарламаны тексерілетін тұлғаға жібереді.

Осы ережені іске асыру мақсатында, ҚР Қаржы министрінің «Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тайғайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланып, тексерілетін адамдарды таңдау ережесін бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленген.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы келісілуде.

Норма 2021 жылы 1 наурызда күшіне енді