Жарияланған күні: 12.12.2022 16:47
Өзгертілген күні: 12.12.2022 16:48

Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын адамдардың назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде Кеден тасмалдаушылар тізіліміне енгізу мемлекеттік қызметінің автоматтандыру жұмыстары аяқтады.

2022 жылғы 5 желтоқсан бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Кеден тасмалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.  

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша телеграм чаты t.me/eoknokz немесе Қарағанды ​​облысы бойынша кедендік әкімшілендіру басқармасының бас маманы Көпбаев Н.С., 8 (7212) 21-75-80 нөмірі арқылы хабарласуға болады арқылы хабарласуға болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкері Тұрлыбеков Олжас Мұхтарбекұлы  байланыс деректері 8 (7172) 71-82-82, o.turlybekov@kgd.gov.kz.