Жарияланған күні: 18.10.2024 11:04
Өзгертілген күні: 18.10.2024 11:05

Кедендік операцияларды жүргізу кезінде заңсыз әкелудің жолын кесуге басшылық жасау және бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024 жылғы  05 қазандағы № 343 бұйрығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден алманы әкелуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алманың халықаралық транзитін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алманы (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 0808 10) әкелуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілді.