
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң жобасы
Құрметті азаматтар, сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң жобасының кейбір тұстарын ұсынамыз.
Осы Заң жобасында рәсімнің үш түрі көзделген: бұл соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот банкроттығы.
Соттан тыс банкроттық рәсімі - міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім. Бұл рәсім тұрақты табысы және берешекті өтеу перспективасы жоқ тұлғалар үшін қолжетімді.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі – сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның шеңберінде борышкерге борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қаржылық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шаралар қолданылады.
Бұл рәсім қаржы басқарушысымен бірлесіп бес жылға дейінгі мерзімге төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлейтін тұрақты табысы бар тұлғалар үшін мүмкін болады.
Сот банкроттығы рәсімі - банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында борышкерге қатысты сот тәртібімен жүзеге асырылатын рәсім.
Бұл рәсімді 5 млн.теңгеден астам берешегі бар тұлғалар және сауда-саттық арқылы өткізілетін мүлік болған жағдайда қолдана алады.
Жоғарыда аталған рәсімдердің бірін қолдану туралы шешім қабылдамас бұрын, әрбір азамат заң алдындағы жауапкершілікті сезінуі керек, бұл заң жобасы жағдайлардың тоғысуына байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарды қолдау мақсатында әзірленгенін түсінуі керек.