
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің м.а. 2024 жылғы 27 тамыздағы №290 және Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №583 бірлескен бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын(Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді.