Жарияланған күні: 28.11.2025 18:58
Өзгертілген күні: 28.11.2025 19:00

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 2 қарашадағы № 506 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.09.2025 жылғы №342 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

 

Өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды

 

✅6801000000 - тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа),

 

✅6802931000 - гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен,

 

✅6802939000 - ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілді.

 

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.