
Қаржылық тұрақтылық
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес 01.01.2022 жылдан бастап әлеуетті өнім берушілерге қаржылық тұрақтылығын түрінде біліктілік талабы қойылатынын хабарлайды.
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын веб-портал автоматты түрде мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде айқындайды:
1) кірістер;
2) төленген салықтар;
3) негізгі құралдар;
4) еңбекақы төлеу қоры.
Әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе:
1) әлеуетті өнім берушінің кірістері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен астам немесе сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екінші бөлігін құрайтын болса;
2) өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген әлеуетті өнім беруші кірістерінің кемінде үш пайызын (3%) құрайтын болса қаржылық орнықты деп танылады.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:
ТСК = ТС / К х 100%,
онда:
ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші;
ТС – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтар сомасы;
К – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі әлеуетті өнім беруші кірістерінің сомасы;
3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа жылдық құны өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен астам немесе мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайтын болса қаржылық орнықты деп танылады;
4) әлеуетті өнім берушінің жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен астам немесе сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайтын болса қаржылық орнықты деп танылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсатында осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы 1 қазаннан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет веб-порталда жаңартылады.