Жарияланған күні: 10.10.2025 17:50
Өзгертілген күні: 10.10.2025 17:54

Қарағандыда жаңа Салық кодексі талқыланды

Қарағандыда 10.10.2025 жылы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың қатысуымен кәсіпкерлермен кездесу өтті.
 
Отырыс барысында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері жиынға қатысушыларға түсіндіріліп, АСР, КТС, ҚҚС және т.б. сұрақтар бойынша мәселелер қаралды. Салық төлеушілер түйткілді сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
 
Мұндай іс-шаралар бизнестің мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтып, «Тыңдаушы мемлекет» қағидасына сәйкес келетіні анық.