Жарияланған күні: 04.10.2021 12:20
Өзгертілген күні: 04.10.2021 12:21

Қарағанды облысының Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Бірінші қазан бүкіл әлемде және біздің елімізде қарттар күнін атап өтеді. Бұл күн 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жарияланған болатын.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департамент қызметкерлері осы керемет мерекеден тыс қалмады. Олар салық және кеден органдарының ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департамент қызметкерлері ардагерлерге денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр, ізгілік пен бейбітшілік тіледі! үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы әрдайым жастардың әрекеттеріне негіз болсын.