
Қарағанды облысы бойынша МКД жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру үшін небәрі 30 күнтізбелік күн қалғанын еске салады
2021 жылғы есепті кезеңде жеке тұлғалар үшін декларацияны (270.00-нысан) тапсыру мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйекте аяқталатынын еске саламыз.
Декларацияны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына электрондық түрде ұсыну қажет.
Осы жылы декларация тапсыру бойынша міндеттеме келесі санаттарда бар:
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары);;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
- "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне өткен және бұрын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары) табыс етуге міндетті. Бұл сондай-ақ мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға (оның ішінде зейнеткерлік жасқа жеткенде құрметті демалысқа шыққандарға) қатысты.
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
- "салық төлеушінің кабинеті" мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz);
- eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы.
Бұл ретте, байланыс жүйесі мен арналарына жүктемені болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын ала ұсынуды сұраймыз.