
"қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығуын растау үшін құжаттарды ұсыну туралы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы N 130 шешімі күшіне енеді."
Егер мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының жалпы сомасы оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына біржолғы әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан біржолғы әкету кезінде жолаушылардың кедендік декларациясын кеден органына берген күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша 100 мың АҚШ долларына баламалы сомадан асса, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығуын растау үшін құжаттар ұсынумен бірге жүреді деп белгіленсін.