
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметші күніне арналған спартакидалар сайысында бірінші орынды жеңіп алды
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің күнін мерекелеуге орай, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті 18.06.2021 жылы "Жастар" спорт кешенінде Қарағанды облысының мемлекеттік органдар арасында Спартакиада өткізді. Жарыстар спорттың келесі түрлері бойынша өткізілді: шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетика (эстафета 100м), шахмат, үстел теннисі, армрестлинг, кір тасын көтеру. Жарыс қорытындысы бойынша ҚР ҚМ МКК Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпы командалық I орынды иеленді (19 команда арасында), оның ішінде:
Волейбол (әйел/ер) - I орын
Үстел теннисі-I орын (Ким А., Мұратұлы с., Сыздықова Г.)
Армрестлинг-II орын (Ж. Шәкәрімұлы)
Мини футбол (ерлер) - III орын
Шахмат-III орын (Какибаев А., Акимжанова Т.)
Жарысқа жалпы МКД және МКБ 25 қызметкерлері қатысты.