
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде берешекпен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы Шаяхмет Шәйкенұлы Еслямовты құрметті демалысқа шығарып салды.
Еңбек жолын 1981 жылы қазан айында "Қарағандыкөмір" өндірістік бірлестігінің "Тентек" шахтасында жер асты тау-кен жұмысшысы болып бастады.
1992 жылы Қарағанды қаласы Киров ауданы бойынша салық инспекциясына қызметке түсті. 1995 жылдан 2014 жылға дейін облыстық аппаратының бюджетке төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі бөлімшелерді басқарды. 2014 жылы мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнінен бастап 2017 жылға дейін Шахтинск қаласы бойынша МКБ басшылық лауазымында жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жұмыс істейді.
Ұжым атынан Департамент басшысы Алмат Отжанұлы Иманғожин Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі, қойылған міндеттерді орындағаны үшін Шаяхмет Шәйкенұлына алғысын білдіріп, бақыт, амандық, мықты денсаулық тіледі.