Жарияланған күні: 28.11.2018 09:01
Өзгертілген күні: 28.11.2018 12:03

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті уәкілетті органдардың ақпараттық жүйесіндегі ақпараттық жүйелерді интеграциялау бөлігіндегі кемшіліктерге байланысты, жеке тұлғалар - салық төлеушілерді тіркеу есебімен мәселе туындайды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, жеке кәсіпкерлерде міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар дұрыс есептелмейді. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері көрсетілген төлемдерді түзету және тиісті мемлекеттік кірістер басқармаларына (әрі қарай - МКБ) тарату бойынша жұмысты уақытында жүргізеді. Бұл ретте салық төлеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қою, өсімпұл есептеу туралы фактілер жоқ екенін атап өту қажет.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың жер салығын, мүлік салығын, көлік құралдарына салықты төлеу кезінде: салық төлеушілермен Мемлекеттік кірістер басқармасының кодын дұрыс таңдамайды, бұл Қазыбек би атындағы аудан бойынша МКБ немесе Октябрь ауданы бойынша МКБ салықтарды дұрыс таратпауға әкеліп соғады.

Департамент Екінші деңгейдегі банктермен осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін салықтарды төлеу кезінде міндетті түрде тиісті тұрғылықты жерін таңдау қажет: Қазыбек би атындағы аудан бойынша МКБ немесе Октябрь ауданы бойынша МКБ.

Салық төлеушілерге келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.