
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 141 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген тауарларды сату және импорттау бойынша айналым үшін ҚҚС ставкасын 2020 жылдың 1 қазанына дейін 8% -ға төмендетуді қарастырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату және импорттау кезінде 8% ҚҚС ставкасы қолданылады.