
Ипотекалық қарыз
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 342-бабы 1-тармағының сәйкес 4) тармақшасына сәйкес жеке тұлға сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтитын өзге салықтық шегерімдер түрлерін қолдануға құқығы бар. Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 349-бабының 1-тармағына сәйкес сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Респуликасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады. Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 343-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімді және осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері бойынша салықтық шегерімді қоспағанда, салық агенті салықтық шегерімдерді төлем көзінен: 1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші; 2) растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады. Мұндай көшірмелер осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық агентінде сақталады. Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 349-бабының 2-тармағына сәйкес Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жасалған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты; 2) сыйақы сомалары бөліп көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі; 3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат. Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 349-бабының 3-тармағына сәйкес Салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде қолданылады: ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні; сыйақыны төлеу күні.
Осылайша, несие бойынша сыйақы сомасы түріндегі ЖТС бойынша салық шегерімі тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ресми мәртебесі бар заңды тұлғадан ипотекалық тұрғын үй заемын алған жеке тұлғаға жүгінуге құқылы.
Бірлескен қарыз алушылар үшін, сондай-ақ басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ипотекалық несиелер үшін бұл ереже қолданылмайды.
Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен алынған тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздары ипотекалық тұрғын үй қарыздары ретінде жіктеледі, егер мұндай несиелер жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілсе, сәйкесінше жеке тұлға осы салық шегерімін қолдануға құқылы.