
Инвестициялық салықтық кредит
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексі 49-1 және 51-1-баптармен толықтырып, сонымен қатар Салық кодексінің 50 және 54-баптарына Инвестициялық салықтық кредитті енгізуге байланысты өзгерістер енгізілген.
Алдағы кезеңдердің салықтарын төлеу мерзімін өзгертуді көздейтін инвестициялық салықтық кредитті енгізу, бұл ретте салық төлеушілерге белгілі бір мерзім ішінде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңімен төлей отырып, салық бойынша өз төлемдерін 100 пайызға азайтуға мүмкіндік беріледі.
Инвестициялық салықтық кредит корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.