
«Халық заңгері» республикалық акциясы
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.
2023 жылғы 26 мамырда Қарағанды облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізіледі.
Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.
Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдайды және кез келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа кеңес береді.
Егер сізде салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша сұрақтарыңыз болса және қайдан сауатты кеңес алу керектігін білмесеңіз, ең мықты мамандарға жүгіну мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Кіру тегін.
Мекен-жайы: «Таир» СҮ, Космонавтов көшесі, 1В
Басталуы сағат 17:00-де.
Көмектесу үшін бірігіңіз!