Жарияланған күні: 15.06.2018 09:39
Өзгертілген күні: 15.06.2018 09:40

Құрметті салық төлеушілер!

           Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 688-бабына сәйкес төмендегі ақпаратты назарынызға жеткізеді:

1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. 2018 жылдың 1 жартыжылдығына оңайлатылған декларацияны тапсыру мерзімі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 15 тамызға дейін.

2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі. 2018 жылдың 1 жартыжылдығына оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу мерзімі 2018 жылдың 25 тамызы.

       Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
      3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.

 

 

Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы