Жарияланған күні: 25.10.2018 18:36
Өзгертілген күні: 25.10.2018 18:36

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-дүкен немесе интернет-алаң арқылы өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, заңды тұлғалар – корпоративтік табыс салығын, ал дара кәсіпкерлер жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

            Бірақ олар өздеріне жүктелген үш түрлі міндетті шартты орындауға тиіс:

-  Біріншіден, тауар үшін есеп айырысу қолма-қол ақшасыз тәсілімен жүргізілуі керек.

-  Екіншіден, сатып алушымен шарт онлайн-режімде жасалуы қажет.

- Үшіншіден, кәсіпкердің жеке жеткізу қызметі болуға тиіс, не болмаса ол тасымалдаумен, жіберумен, жеткізумен айналысатын адаммен шарт жасасуы керек.

              Сонымен қатар, жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.

                  Аталған жеңілдіктерді пайдалану үшін, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.

 

              Ақтоғай ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасы